Ссылки доступа

Түркімен кәсіпкерлерінің дүкен ашуға жер бөлу процесіне көңілдері толмайды


Түркіменстанның батысындағы Түркіменбашы қаласының билігі кәсіпкерлер жекеменшік дүкен ашу үшін жер телімдерін бөлуді жоспарлаған.

Дегенмен жергілікті билік жер бөлу тәртібі мен талаптарын жарияламай отыр. Бұл жағдай аймақ кәсіпкерлерінің наразылығын туғызды.

Балқан облысындағы бір кәсіпкердің айтуынша, қазір билік жер алғысы келетіндердің алдын ала тізімін дайындап жатыр, бірақ Түркіменбашы қаласының әкімдігі жергілікті кәсіпкерлерден арыз қабылдамай отыр.

"Арызданып барғандарға: "Сендер Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағына мүше емессіңдер, жер алмайсыңдар", деп жауап береді", - деді ол.

2008 жылы құрылған Одақ қоғамдық ұйым мәртебесіне ие, бірақ елдегі жеке кәсіпкерлікті реттеп отыр.

XS
SM
MD
LG