Ссылки доступа

Каримов күйеу баласына тиесілі көтерме базардан Өзбекстан бюджетіне млрд сум түскен


Бұрынғы "Абу Сахий" (көтерме базар) базарынан мемлекеттік бюджетке бір айда 5 миллиард сум (614 мың доллар), ал 15 күнде (базарды қайта ұйымдастырған соң) – 35 миллиард сум түскен. Бұл туралы Ташкент облысына сапары кезінде Шавкат Мирзияев мәлімдеді, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылдың аяғында Ташкенттегі "Абу Сахий" базары "Тошкент ипак йули" сауда кешені болып өзгертілді.

"Абу Сахий" базарын 2006 жылы Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің кіші күйеу баласы Тимур Тилляев ашып, Өзбекстанға тауар импорттаумен айналысатын ірі компанияға айналдырған.

Каримов басқарған жылдары Ташкенттің батыс бөлігінде 25 гектарды алып жатқан ірі көтерме базары өзбек астанасын ғана емес, республиканың барлық обыстарын импорт тауарлармен қамтамасыз етті.

"Абу Сахий" қожайыны ауысқаны туралы алғаш рет 2017 жылы 14 желтоқсанда белгілі болды. Тимур Тилляевтің америкалық адвокаты бұл ақпаратты растады, бірақ оған қатысты мәлімет бермеді.

XS
SM
MD
LG