Ссылки доступа

Тегеран Ирандағы тәртіпсіздікті қолдаушы елдерге ескерту жасады


Министр иностранных дел Ирана Мохаммад Джавад Зариф

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф Ирандағы тәртіпсіздіктерді қолдаушы елдерге ескерту жасады.

Иранның барлық аймақтарында соңғы екі аптада үкіметке қарсы ереуілдерге байланысты мәлімдеме жасаған Зариф баскөтерулерді шетел, соның ішінде АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясының барлау қызметтері ұйымдастырды деді. Зариф 8 қаңтарда Тегерандағы конференцияда: "Көршілерде тұрақсыздық орнату арқылы ешқандай ел өзін қауіпсіз сезіне алмайды", - деді.

IRNA ресми ақпарат агенттігі Зарифтің "мұндай әрекеттердің салдары жаман болады" деген сөздерін келтірді.

Құрама Штаттар Иранның ереуілдер артында Вашингтон тұр деген сынын жоққа шығарды. Орталық барлау басқармасының басшысы Майк Помпео 7 қаңтарда өзі басқаратын агенттіктің баскөтерулерге ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеген. Президент Дональд Трамп ереуілдегілерді жақтап, Вашингтон оларды қолдауға әзір екенін айтқан. Ирандағы ереуілдер барысында 22 адам қаза тауып, 1700-ден астам адам ұсталды.

7 қаңтарда Германияның сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Еуропалық Одақтың Зарифті ереуілдер туралы келіссөздерге шақыратынын мәлімдеді. Габриэль Берлинде ZDF TV телеарнасына ЕО сыртқы саясат жетекшісі Федерико Могеринимен бірге Иранның сыртқы істер министрін, мүмкін болса келесі аптада, келіссөздерге шақырғанын айтты.

XS
SM
MD
LG