Ссылки доступа

Дамаск: Израиль Сирия аумағына үш рет әуе соққы жасады


Израиль сейсенбі күні таңертең Сирия аумағына ұшақ және зымыран арқылы бомба тастады. Осылай деп Сирия армиясының өкілі мемлекеттік телеарна арқылы мәлімдеді.

Сирия тарапы Израиль ұшақтары Дамаск маңындағы Әл-Кутаифа ауданына таңғы сағат 2:40 (Гринвич бойынша 00:40) шамасында Ливан әуе кеңістігі арқылы соққы жасады дейді. Сирияның қорғаныс күші ұшақтың бірін атып түсірген.

Кейін Израиль зымыран жіберген.

Изариль қорғаныс армиясының баспасөз қызметі Сирия мәлімдемесіне түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ былтыр тамыз айында Изариль қорғаныс күшінің жетекшісі Сирияға кемінде жүз рет әуе соққы бергенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG