Ссылки доступа

Өзбек премьері Душанбеге келді


Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов 10 қаңтар күні таңертең Тәжікстанға жұмыс сапарымен келді. Онымен бірге Өзбекстанның бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары еріп келген.

Бұл Абдулла Ариповтің премьер-министр болғалы Тәжікстанға бірінші сапары. Күн тәртібіне сәйкес, оны Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қабылдайды.

Тәжікстан президенті баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзоданың хабарлауынша, кездесуден кейін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тәжік-өзбек үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді.

Сонымен бірге тәжік-өзбек шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі комиссия жұмысы жалғаспақ. Өзбек премьері сапарының қорытындысы бойынша, екі жақты келісімдерге қол қойылмақ.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, Абдулла Арипов 10-11 қаңтарда Душанбеде Өзбекстан президентінің сапарына дайындық жұмыстарын жүргізеді.

XS
SM
MD
LG