Ссылки доступа

Қырғызстанда мектептер бес күндік оқу аптасына көшпек


Қырғызстан парламенті «Білім беру жөніндегі» заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады. Онда елдегі мектептерді бес күндік оқу аптасына көшіру қарастырылған.

Парламенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, заң жобасының авторы депутаттардың өздері. «Оқу аптасын бес күнге ауыстыру оқушылардың сабақ мөлшерін жеңілдетуге мүмкіндік береді, әрі мұғалімдер бір күн артық демалады», -деп түсіндіреді бастамашы топ.

Депутаттар пікірінше, алты күндік оқу аптасы оқушыларға тым ауыр. Олар миларын тынықтыратын әртүрлі спорт секцияларына, үйірмелерге бара алмайды.

Қазіргі уақытта тәжірибе ретінде бірқатар мектепте бес күндік оқу жүйесі енгізілген.

Енді заң жобасына президент қол қоятын болса, барлық мектеп толығымыен жаңа оқу жүйесі бойынша оқитын болады.

XS
SM
MD
LG