Ссылки доступа

Тергеу абақтысында отырған журналист Бобомурод Абдуллаев туыстарымен кездесті


10 қаңтарда тергеу изоляторында отырған журналист Бобомурод Абдуллаевтың анасы, әйелі мен балалары онымен кездесуге мүмкіндік алды.

Құқық қорғаушы Сурат Икрамовтың сөздерінше, 25 минөтке созылған кездесуде арнайы қызметтің өкілі де болған. Абдуллаевтың туыстарының айтуынша, журналистің денсаулығы қанағаттанарлық, көңіл күйі бір қалыпты.

«Бірінші он минөттей анасы сөйлесті. Сосын әйелі мен 15 жастағы ұлы Әлихан мен 11 жастағы қызы Фариданы жіберді. Бобомурод туғандарын көріп, қатты қуанды. Анасы мен әйелі жылады. Кездесу 25 минөткен созылды», – дейді құқық қорғаушы.

Құқық қорғаушы Сурат Икрамов айыптау ісінің әлі прокуратураға берілмегенін айтады. Сот отырысының қашан өтетіндігінен де хабарсыз. Тергеушілер бұл ақпаратты беруден бас тартып отыр дейді.

44 жастағы журналист Бобомурод Абдуллаев бірнеше тәуелсіз ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Оның ішінде «Ферғана» ақпарат агенттігі де бар. Ол сонымен бірге Өзбекстанда спорт комментаторы ретінде танымал. Ол былтыр қыркүйек айында ұсталған. Оған Өзбекстандағы конституциялық құрылымды күштеп құлатпақ болды деген айып тағылып отыр.

XS
SM
MD
LG