Сот Мухсинджон Турсуновқа қатысты бұрынғы әйеліне тиесілі үйде тұруға шешім шығарған. Қолданыстағы заңға сәйкес, ажырасқаннан кейін, ері (не әйелі) әйеліне (не еріне) тиесілі үйдің бір бұрышында тұруға құқығы бар. Бірақ Матлуба Карабаева сот шешімін орындаудан бас тартқан. Ол үш баласымен 27 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерді тұрады.
«Сот орындаушылары келіп, оны балконға орналастырмақ болған еді. Мен оларды кіргізбедім. Менің бұрынғы күйеуім прокуратураға шағымданды. Бірақ мен ешқашан келіспеймін. Ажырасқан күйеуіммен ешқашан бірге тұрмаймын»,- дейді ол.
Оның сөздерінше, ерлі-зайыпты 16 жыл бірге тұрған. Бірақ осы жылдар ішінде үйінен ұрыс кетпеген.