Ссылки доступа

Қырғызстанда телеконтентке мониторинг жасау жүйесі пайда болды


Қырғызстанда теле-радио хабар тарату контентіне мониторинг жасайтын жүйе пайда болды.

Қырғызстан Қоғамдық теле-радио хабар тарату корпорациясының (ҚТРК) хабарлауынша, бұл қызметті ТМС (Тынчтыктын мониторинг системасы) компаниясы міндетіне алуға дайын. Олар ай сайын видео, аудиороликтердің эфирге шығуы және статистикасы жөнінде есеп беріп отырады.

ҚТРК түсіндіруінше, қазір медиа саласында авторлық құқықтың бұзылуы кең етек алған. Мониторинг жүргізу арқылы бұл заң бұзушылықтың алдын алмақ.

Осының алдында Қырғызстанның шығармашылық өкілдері авторлық құқықтарын қорғау жөнінде мәлімдеме жасап, теле-радио арқылы берілген музыкалық өнімдері үшін қаламақы талап еткен.

XS
SM
MD
LG