Ссылки доступа

Тәжікстан: 2017 жылы Ауғанстанмен шекарада 18 есірткі саудагерінің көзі жойылды (видео)


Погранслужба: в 2017 году на границе с Афганистаном было ликвидировано 18 наркоконтрабандистов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00

Тәжікстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) шекара қызметі өткен жылы Ауғанстанмен шекарада 18 есірткі саудагерінің көзі жойылып, 20-сы ұсталды деп мәлімдеді.

2017 жылдың жұмысын қорытындылаған ТР МҰҚК басшысы Саймумин Ятимов бір жыл ішінде тәжік-ауған шекарасында 31 қарулы қақтығыс болғанын айтады.

Сонымен бірге өткен жылы жылпы 1700 келі есірткі тәркіленген. Шекара бекеттерінде халықаралық іздеуде болған 152 адам ұсталған.

«Тәжік шекарашылары 25 қару-жарақ, 605 оқ-дәрі, 9 қолдан жасалған бомба, 40 әскери құрал тәркіледі», - делінген жыл қорытындысында.

Тәжік-ауған шекарасының қашықтығы - 1400 шақырым. Оның негізгі бөлігі таулы аймақтар. Контрабандашылар шекарадан өту үшін, осы таулы мекендерді пайдаланады.

XS
SM
MD
LG