"Айта кетерлік жайт, баяндаманы құрастырғандар Өзбекстанда жұмыс істейтін 16 діни конфессия ұйымынан ақпарат сұрамаған. Атап айтқанда, Мұсылмандар діни басқармасы, Ташкент ислам университеті және имам Бұхар атындағы халықаралық ғылыми-зерттеу орталығына ешкім хабарласпаған.
Белгісіз дереккөздерге сүйенген америкалық мамандар Өзбекстандағы дін еркіндігіне қатысты жалған қорытынды жасаған", - делінген діни басқарма мәлімдемесінде.
Басқарма дерегі бойынша, өткен жылы дін саласында елеулі өзгерістер болды. Атап айтқанда, Ислам өркениеті орталығы және имам Бұхари және имам ат-Термизи атындағы халықаралық зерттеу орталығы ашылған. Облыстарда ислам ғылымын зерттеуге арналған бес ғылым мектеп жұмыс істей бастады.
Республика бойынша 15 мешіт салынып, 55-і жөнделді, деп хабарлады Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы.