Имам-хатибтың сөздерінше, шағын мешіттер 20-30 адамға арналады. Онда мұсылмандарға намаз оқуына барлық жағдай жасалынады. Алайда бұл мешіттер жұма намаз кезінде уағыз айтуға арналмаған. Тек жолаушыларға арналған мешіт болмақ.
Бұл ақпаратты Ташкенттің бас имам-хатибы Әнуар-қари Тұрсынов растады. Оның сөздерінше, алғашқы кіші мешіт Ташкент халықаралық әуежайында ашылған.
Өзбекстан министрлер кабинеті жанындағы дін істері жөніндегі комитет Ташкенттің бір өзінде 22 кіші мешіт салынады деп мәлімдеді. Комитет өкілі сонымен бірге Өзбекстанда тұратын өзге дін өкілдеріне арналған ғибадат ету үйлері де ашылады деді.