Әкімшілікте қаржы-шаруашылық тексеру жұмыстары екі жылда бір рет жүреді. Кезекті тексеру 2018 жылдың мамыр айында өтуі тиіс. Бірақ астана мэрі Рустам Эмомалидің және бірқатар тұрғындардың өтініші бойынша, жоспардан тыс тексеру басталып кеткен.
Душанбе мэрінің баспасөз хатшысы Абдумаджид Усмонзода 15 қаңтарда кезексіз тексеру бюджет қаржысын мақсатты жұмсауды қамтамасыз ету үшін жасалынып отыр деп мәлімдеді. Оның сөздерінше, бұл тексеру Рустам Эмомали басқарған бір жылды қамтиды. Ол былтыр 12 қаңтарда астана әкімі болып тағайындалған.
Коррупциямен күрес жөніндегі мемлекеттік агенттік бір жыл бұрын астана тұрғындарының өтініші бойынша әкімшіліктің жұмысын тексеретінін мәлімдеген. Бұл атап айтқанда «Истиклол» медициналық орталық, «Душанбе-Плаза» комплексі құрылыстары мен «Қолжетімді баспана» бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысын талан-таражға салды деген тұрғындар шағымына байланысты болып отыр.