Жаңа заң елдің «жағымды бейнесін» қалыптастыруға шақырады. Аталған құжаттың 4-бабында «кәмелетке толмағандардың ақыл-ойының жетілуіне кедергі келтіретін зорлық-зомбылық элементтері бар ақпараттарды таратуға тыйым салынады» делінген.
Сонымен бірге 44-бапта аталмыш материалдарды таратуға тыйым салу ұлттық мүддені қорғау мақсатында жасалынып отыр делінген.
Түркіменстанда БАҚ-тың барлық түрі мемлекеттің қатаң бақылауында. Тіптен кабельді телеарналарда да цензура бар. Мемлекет бақылауынан айналып өтетін – жалғыз спутниктік арналар болатын. Бірақ бұл елде спутниктік телеарналарға тыйым салған.
Енді кино мен сериалдар орнына түркімен арналары президент кітаптарын оқиды.
Заңда зиянды әдетке не кіретінін, оны қалай анықтайтыны толық жазылмаған.
Телеарналарда президенттің қаһарман бейнесі жиі көрсетіледі.
Теле және радио хабар тарату туралы жаңа заң Түркіменстанның жағымды бейнесін жиі насихаттауға шақырады.