Өзбек сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елдің төтенше жағдайлар министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі өкілдері арнайы бортпен Қазақстанға ұшуға дайындалып жатыр.
Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі Ырғыз ауданына жедел жәрдем жіберген.
18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болғаны хабарланған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған.