Ссылки доступа

Кабулда тәжік ұлттық киімдерінің бутигі ашылды (видео)

Тәжік ұлттық киімдерін енді Кабул қаласынан сатып алуға болады. Ауғанстан астанасының орталығында атлас, адрас және чаканнан тігілген тәжік ұлттық киімдерінің бутигі ашылды.

Сауда нүктесінің қожайыны Аёмиддин Мирхижриённің айтуынша, ауған қыздары тәжік ұлттық киімдерінен көбіне салтанатты мерекеге және үйлену тойларына сатып алады. Ол Тәжікстаннан киімді екінші мәрте алып келгенін айтты. «Тәжікстаннан әкелінген көйлекті өз бағасына сатамын. Қазір маған табыстан гөрі, сатып алушыларды тарту маңызды", деді бутик қожайыны.

Қазір Кабул көшелеріне мұндай ашық түсті киіммен шығу қауіпті. Ауған қыздары көшеге хиджаб киіп шығады, ал әдемі көйлектерді негізінен үйлену тойларына киіеді.

Айта кетерлік жайт, соғыстан бұрын, 1920-1970 жылдары ауған ауған астанасы әлемнің сән қалаларының бірі болған.

XS
SM
MD
LG