Ол жол инспекторларының әрекетін видеокамераға түсіруге тыйым салу Конституцияға қайшы келеді дейді.
«Азаматтық кодекс туралы айтып, Саркулов мырза видеоға түсіруге тыйым салу жөніндегі бірде-бір баптарды, нормативтік-құқықтық актілерді атамады. Біз Конституцияның 33-бабын алға тартып, әрбір азамат ақпаратты ауызша, жазбаша және басқа түрде тарата алатынын айтқымыз келеді. Азаматтық кодекстің 19-бабында қоғамдық орындарда видео-суретке түсіру үшін арнайы рұқсат керек емес делінген. Осыларды алға тартып, бас прокуратураға шағымдандық», - дейді белсенді.
Осының алдында жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесі ұйымдарының бас басқармасы инспекторлардың қызметін видеоға, суретке түсіргендер сотқа тартылады деп хабарлаған.
Былтыр желтоқсан айында Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Safari белсенділерін сынға алған. Оған себеп болған жол қозғалысы ережесі туралы белсенділердің инспекторлармен айтысуы. Safari қозғалысы белсенділері инспекторлардың өздерінің заңды бұзған әрекеттерін интернетке салып отырады.