Бұдан бұрын Өзбекстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлік өкілі қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталғанын айтқан. Министрлік сайтында марқұмдардың тізімі жарияланған.
Қаңтардың 18-і Қазақстан арқылы Ресейге Өзбекстаннан еңбек мигранттарын апара жатқан автобус өртеніп кетіп, 52 жолаушы қаза болған.
Шымкент-Самара трассасында Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде болған оқиғадан бес адам: үшеуі қазақстандық, екеуі өзбекстандық аман қалған. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдай "отқа салғырт қараудан" деген болжам айтқан.
(Наманганда Ақтөбедегі автобус апатынан қаза болғандарды жерледі (фотогалерея)