РФ мәдениет министрі Владимир Мединскийдің айтуынша, фильмді кинотеатрлардан көрсетуге тыйым салу – бұл цензура емес.
"Көпшілік оны совет дәуірін, фашизмді жеңген біздің елімізді мазақтау ретінде қабылдайды", – деді Мединский.
"Біз фильмді түсіру қарсаңында қатты дайындалдық, мұрағат материалдарын оқыдық, тарихшылармен ақылдастық. Біз Совет Одағының сол кездегі тарихын сыйлаймыз, фильмде оны жасырған емеспіз", – деді фильм режиссері Армандо Ианнуччи.
"Сталиннің ажалы" – француз комиксі негізінде түсірілген сатирилық комедия.
Фильмде КСРОда 1953 жлы Сталин өлген соң билікке талас баяндалған. Оған Стив Бушеми, Джейсон Айзекс және Ольга Куриленко түсті.