Нәтижесінде екі адам қайтыс болып, 38 адам қатты уланған. Бұл жайында былтыр тәжікстандық БАҚ кеңінен жазған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 25 жыл түрме жазасын беруді сұраған. Соттағы дереккөздің хабарлауынша, Махпора Хикматованы екі бап – «қылмыс жасауға дайындалу» және «адам өлтіру» бойынша айыпты деп тапқан.
Үкім қаңтар айының басында шыққан. Бірақ Жоғарғы сот апелляциялық шағымды қарап, сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.
Хатлон облысы прокуроры Насрулло Махмудзоданың айтуынша, Махпора Хикматова жеке үйді иелену үшін, күйеуінің отбасы мүшелерін біртіндеп уландырып отырған. Ол нан пісірер алдында үнемі у қосып отырған.
Сотталушының туыстары айыптаулардың барлығын жоққа шығарады. «Енді оның балалары анасыз қалды. Екеуі біздің қолымызда, қалған екеуін балалар үйіне берді», - дейді әкесі.
Махпора Хикматованың күйеуі төрт жыл бұрын өзіне қол салып, қайтыс болған.