Отырыста Ұлы Жібек жолы бойындағы Амуль-Хазар бағытымен жүгіруге арналған эстафета таяқшалары әзірленіп, президентке таныстырылған. Бердімұхамедов таяқшаның безендірілуін бекіткен.
Былтыр қараша айында Түркіменстан президенті Ұлы Жібек жолы бойымен халықаралық автокөлік жарысын ұйымдастыруды тапсырған. Кейін ол осы бағыт бойынша жаяу жүгіру және веломарафон ұйымдастыруды ұсынды.
Гурбангулы Бердімұхамедов – спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанушы ретінде өзін үнемі жарнамалайды. Жас кезінде ол күреспен айналысқан. Қазір атқа мінгенді және көлікпен жарысқанды жақсы көреді. 2013 жылы Ашхабадта Alfa Romeo-да жеңімпаз атанды. 2008 жылы Түркіменстан тәуелсіздігінің 17 жылдығына орай, ол каратэден 10 дан иеленді.