Азаттықтың түркімен қызметі дереккөзінің сөздерінше, Түркіменстан астанасының коммуналдық қызметі тұрғындарға былтырғы қараша, желтоқсан айлары үшін пәтердің әрбір шаршы метрі үшін қосымша төлемақы төлеуді талап етіп жатыр. Төлемеген жағдайда, күніне 0,03 пайыз өтемақы қосылатынын ескерткен.
"Мысалы 55 шаршы метрлік пәтер үшін қараша айына қосымша 31 манат (8 доллардан астам) төлеуіміз керек екен. Желтоқсан айына да дәл осындай ақша төлейміз", - дейді Ашхабадтағы шолушы Аманмырат Бугаев.
2017 жылдың қазан айында ел үкіметі халық тұтынатын су, свет, газды тегін пайдалану қызметін алып тастады.