Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстанға электр энергиясын тасымалдауды уақытша тоқтатты


Қырғызстан Өзбекстанға электр энергия экспортын уақытша тоқтатты. Ұлттық энергия холдингі өкілі Аман Калыбековтің сөздерінше, бұл Қырғызстанда ауа-райының қалыптан тыс суық болуына байланысты.

Шенеуніктің сөзінше, Қырғызстанда электр энергия тапшылығы жоқ, бірақ алдын алу үшін жасалынып отыр.

Өзбекстанға энергия экспорттау туралы келісімде егер ауа-райы күрт суытқан жағдайда, энергия тасымалдау уақытша тоқтатылады делінген екен. Қырғызстанда күн жылынғаннан кейін ғана энергия тасымалдау қайта жалғасады.

Елдің төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов президент Сороонбай Жээнбековпен кездесу кезінде «қатты суықтан электр сымдары, қазандықтар, жылу жолдары істен шығуы мүмкін» деген.

Жақын күндері Шу облысында ауа температурасы 30 градусқа дейін, Су самыр жазығында 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG