Оларды Астанадағы Агротехника колледжі ғимаратына әкеліп, ыстық тамақ беріп, жылытқан.
ТЖМ өкілі Руслан Иманқұловтың сөздерінше, 23 қаңтарға қараған түні Астана шетінде ауа температурасы 40 градус төмен болған. Қатты аяздан жолаушылар автобусының жанармайы қатып қалған.
«Жергілікті әкімдік өзбек мигранттары Астанаға жету үшін арнайы автобус бөлді. Олар Ресейден Астанаға пойызбен барады. Біз өз тарапымыздан қолымыздан келген көмекті жасадық», – дейді Руслан Иманқұлов.
23 қаңтар Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті билікке ыстық тамақ беретін жылжымалы жылу бекеттерін қамтамасыз етуді тапсырған.