Ссылки доступа

Түркіменстан солтүстігінде азық-түлік 20 пайызға қымбаттаған


Түркіменстан солтүстігінде Дашогузда азық-түлік орта есеппен 20 пайызға қымбаттады. Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзіне қарағанда, тауар бағасы соңғы төрт күнде бірден қымбаттаған.

"Өткен жексенбі күні 3 манат (1 доллар) болған тауар, бүгін 4 манаттан сатылып жатыр. Картоп келісі 3.5 манат болған, қазір 4 манат. Алманың келісі 3 манат еді, қазір 4 манат тұрады. Кәмпиттер келісі 4 манат болған, қазір 17 манаттан сатылып жатыр", - дейді дереккөз.

Түркіменстанда соңғы рет жаңа жыл алдында азық-түлік бірден қымбаттаған. Мысалы желтоқсанда нан 50 пайызға өскен.

XS
SM
MD
LG