Ссылки доступа

Тәжікстанда кәсіпкердің өліміне қатысы бар деп немере ағасы күдікке ілінді


Тәжікстанда кәсіпкер Мавджигүл Халимованың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Ұсталған адам оның туысы болып шықты дейді Хатлон облысы ішкі істер департаментінің өкілі Искандар Солехзода.

Оның сөздерінше, ұсталған күдікті 40 жастағы Жамшед Халимов марқұм Мавджигүл Халимованың немере інісі болып шыққан.

36 жастағы Мавджигүл Халимованың облыс орталығындағы «Фаровон» және «Ходжи Шариф» базарларында кептірілген жеміс сататын сауда нүктелері болған. Оны 6 қаңтарда өлтіріп кеткен. «Қанды оқиға күні кешкісін Мавджигүл екі базарда қарамағында жұмыс істейтіндерден саудадан түскен ақшаны жинау керек болған. Мұны Жамшед Халимов алдын ала біліп, туысын тонамақ болған. Ол Мавджигүлді қараңғы көшеде соңынан түсіп, екі рет пышақ сұққан. Бірақ сөмкесінде ақша болмаған. Тек қалтасында 400 сомони ($35) болған», - дейді Искандар Солехзода.

Тергеу мәліметі бойынша, Жамшед Халимов пен Маджигүл Халимова Соғды облысынан бірігіп кептірілген жеміс тасымалдаған. Бірақ Жамшед тонаушылықпен айналысып кеткен.

Кәсіпкерді тонау мақсатында өлтіру Тәжікстанда жиі кездеседі. Былтыр күзде кәсіпкер Максуджон Мухаммаджонов пен оның әйелі Ибодат Негматуллоеваны да өлтіріп кеткен.

XS
SM
MD
LG