Бірінш кезекте бакалавриат, магистратура бағдарламасы бойынша оқу орындарының деңгейін зерттейді.
Рейтинг оқу орындарына аккредитация беру үшін және талантты студенттерді, білікті оқытушыларды, зерттеушілерді анықтау үшін қажет екен.
Жоғары оқу орындарының білім беру деңгейін тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі жүргізбек.
Қырғызстанда барлығы 51 жоғары оқу орны бар. Ресми мәлімет бойынша, 2017/2018 оқу жылдарында ЖОО-да 162 мың студент білім алады.