Ссылки доступа

Қырғызстан ІІМ: Мұғалімді өлтірген күдікті ұсталды


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында мектеп мұғалімін өлтірген күдікті ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, адам өлімі бұзақылық себептерден болған.

Күдікті ер адам мас күйінде марқұм әйелдің үйіне барған. Екеуара әңгімеде кикілжің туып, әйелге пышақ сұққан. Бұл жөнінде Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлайды.

28 қаңтарда әйел өзінің үйінде өлі күйінде табылған. Әйелдің денесінде бірнеше пышақ іздері болған. Ол жалғыз өзі тұрған, мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Екі баласы ақша табу үшін шетелге кеткен.

Ұсталған күдікті тергеу абақтысына қамалған, тергеу ісі жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG