Ссылки доступа

Бішкекте әзірленген бешбармақ Гиннесстің рекордтар кітабына енді


Бішкекте биыл 11 наурызда әзірленген қырғыз халқының бас тағамы - бешбармақ Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енді. Ұлттық тағамның салмағы 1 464 келі болған.

Бішкекте өткен аспаздық шараны елдегі бірнеше қоғамдық ұйымдар бірлесіп ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар осыған дейін қазақстандықтар жеткізген рекордты басып озамыз деп мақсат қойған. 2015 жылы Елордада Астана күніне арнап салмағы 736,5 келі ет пісірілген.

Бішкекте мың жарым келі болатын бешбармақты 12 үлкен қазанға дайындаған. Оған сегіз жылқының еті сыйған. Әрбір қазанға 150 литр су құйылған.

Сонымен бірге 11 наурызда Бішкекте ұзындығы 117 метр болатын шұжық (жылқы етінен жасалынған қазы) дайындалған. Бастапқыда ұйымдастырушылар 100 метрлік шұжық пісіреміз деген, бірақ қазақ аспаздары әзірлеп Гинесстің рекордтар кітабына еніп қойған 100 метрлік қазыдан да ұзын етуді ойлаған.

XS
SM
MD
LG