Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, коммуналдық қызметкерлер қаңғыбас иттерді темір сойылдармен сабап, ұстап әкетіп жатыр.
Әдетте Түркіменстанда мемлекеттік мерекелер не қоғамдық-саяси мәні бар іс-шаралар алдында көшені жабайы иттерден тазартады.
Ұсталған иттерді қайда қамайтыны, не істейтіні белгісіз. Қала билігі түсініктеме бермейді.
Жануарлар құқығын қорғаушылардың айтуынша, ұсталған ит-мысықтарды жаппай өлтіреді.