Ссылки доступа

Ферғанадағы Daewoo textile жұмысшылары басшылыққа наразы

Daewoo textile компаниясының Ташлак аудандық филиалы жұмысшылары жұмыс берушілермен арадағы қарым-қатынасқа көңілдері толмайды.

Аталған кәсіпорында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әйел өзінің басшысы Pak Tea Sun жоғары табыс алатындарды айлығы аз позицияға ауыстырып жатқанын айтады.

Енді бірі басшылықтың кемсітетінін жеткізді. «Pak Tea Sun филиалға басшылыққа келгелі бері жұмысшыларды адам құрлы көрмейтін болды. Әсіресе үшінші ауысымдағы жұмысшыларды кемсітеді. Біз жұмыстан шығып қалмас үшін бәріне төзіп келеміз. Біз құл емеспіз ғой!», - дейді ол.

Daewoo textile компаниясының кәсіподақ төрайымы Гүлнара Юсупова жоғары білімі жоқ жұмысшыларды басқа позицияға ауыстырып жатқанын растады. Бірақ соңғы алты айда себепсіз ешкімді шығармадық дейді.

«Daewoo Textile» компания тоқыма өндірісімен айналысады. Кәсіпорын Ферғана облысында орналасқан, төрт фабрикасы бар. Жұмыс берушілердің айтуынша, онда 4 мыңнан астамды жұмыспен қамтып отыр.

XS
SM
MD
LG