Ссылки доступа

Ташкентте жұмысшыларын көше тазалауға мәжбүрлеген жетекшілер жауапқа тартылды

Ташкент қалалық электр желісі кәсіпорын басшылығы қызметкерлерін мәжбүрлі жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұл жөнінде елдің еңбек министрі Шерзод Кудбиев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, іс материалдары облыстық прокуратураға жіберілген.

Электр желі кәсіпорнының қызметкерлері көше тазалап жүр деген ақпарат маусым айында пайда болған. Сол кезде жұмысшылар басшылықтың мәжбүрлі жұмысқа тартып жатқанын айтып шағымданған.

XS
SM
MD
LG