Оппозиция жетекшілері парламент төрағасы Ираклий Кобахидзенің, ішкі істер министрі Георгий Гахарийдің тез арада қызметтен кетуін талап етіп, кезектен тыс парламент сайлауын жариялау бастамасын көтерді.
Бейсенбі күні кешке шамамен он мың адам парламент ғимараты маңына жиналды. Наразылық акциясына Православ парламентаралық ассамблеясы отырысына Ресей мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың қатысуы түрткі болған.
Оппозицияға Гавриловтың грузин парламенті ғимаратында отырысыты жүргізгені ұнамай қалды. Депутат Ресейдің Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз елдер деп тануын өзгерту мүмкін емес деп мәлімдеген. Гаврилов Ресейге жер аударылды.
Парламент ғимараты маңындағы акция тарқатылған соң, наразы топ билік басындағы "Грузин арманы - Демократиялы Грузия" партиясының Тбилисидегі кеңсесін қиратты.