Трамптың айтуынша, санкциялар Иранның жаугершілік әрекеттеріне, атап айтқанда америкалық дронды атып түсіргені үшін енгізіледі.
АҚШ президентінің айтуынша, Хаменеидің көмекшілері де санкциядан құтыла алмайды. АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин бұл санкциялардан соң миллиардтаған доллар иран активтері құлыпталатынын мәлімдеді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бүгін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады. Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі - келіссөздердің басты тақырыбына айналады.