Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары Атамбаев жайлы ақпарат алу үшін Түркияға барды

Қырғыз парламентінің депутаты Канатбек Исаев экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қатысты қосымаша ақпарат алу үшін, әріптестерімен Түркияға барғанын хабарлады.

«Мен әзірге ол жақтан не тапқанымызды айтпаймын. Атамбаев бірнеше рет «Мен мультимиллионер болдым, Түркияда көп пайда таптым, миллиондаған тиражбен кітаптар шығарып, Мәскеуге жібердім, осылайша капитал жинадым» деп айтты. Осыны тексеру үшін Түркияға бардық. Келген соң, барлық сұрақтарға жауап беремін», - деді ол.

Канатбек Исаев дәл осы мақсатпен Мәскеуге де баратынын айтты.

Алмазбек Атамбаев 25 мамырда Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясының құрамынан шығып, төрағалық қызметінен кетті. Ол сонымен бірге партияның саяси кеңесін басқарудан да бас тартты.

13 маусымда Жогорку Кеңеште экс-президент Алмазбек Атамбаевқа қол сұғылмаушылық иммунитетін алып тастау үшін арнайы комиссия құрылған. Бас прокуратура депутаттардың айыбы негізінде қылмыстық іс қозғауға болатынын мәлімдеді.

Енді бұл мәселе парламенттің қарауына енгізілді.

XS
SM
MD
LG