21 маусымда Ташкент облыстық сотының апелляциялық инстанциясы алғашқы инстанция шығарған сот үкімін өзгертпеді.
Жазаланған түрме қызметкерлерінің туыстары сот үкімі әділ емес деп отыр. "Жоғарғы сотқа шағымданамыз. Олар ереже бойынша әрекет еткен", - деді жазаланған абақты қызметкерінің бір туысы.
Жазасын өтеушіні ұру сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Тергеу абақтысына прокуратура қызметкерлері келіп, жазасын өтеушіге күш көрсеткендерді тергеуге алған.