Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі Атамбаевқа қосымша күзет беруге әзір

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 28 маусымда таңертең Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік күзеті алып тасталған деген ақпаратты теріске шығарды.

Арнайы қызметтің хабарлауынша, "бұрынғы президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер саны сақталады". Бұған қоса ҰҚМК қажет болған жағдайда, Атамбаев қауіпсіздігін күшейтуге әзір екенін жариялады.

28 маусымда Алмазбек Атамбаевтың жақтастары мемлекеттік күзет қызметкерлері өз орындарынан ескертусіз кетіп қалды деп мәлімдеген.

Жогорку Кенеш 27 маусымда, Бас прокуратураның айыптау қорытындысына сүйене отырып, Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы қаулы қабылдады.

XS
SM
MD
LG