Тәжікстан көлік министрі Худоёр Худоёров пен Иран энергетика министрі Ризо Ардакониен Душанбеде 15-16 маусымда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінде түнел құрылысына әр тарап 4 млн доллардан бөлу жөнінде келісімге келген.
"Истиклол" түнелі Тәжікстанның оңтүстігі мен орталығын солтүстік Соғды облысымен байланыстырады. Иран құрылысқа бастапқы кезде 60 млн доллар құйған. Құрылыс жұмысы үш жылға созылып, 2006 жылы қолдануға берілген. Бірақ осы кезге дейін түнелге жарық әрі желдеткіш орнатылмаған. Жоғарыда бөлінетін қаражат осы олқылықтардың орнын толтыруға жұмсалады.