Ссылки доступа

Кабул Душанбеге ауған түрмелеріндегі тәжік азаматтарын жөнелтті


Кабул Душанбеге Ауғанстан түрмелерінде жазасын өтеп жатқан тәжік азаматтарының соңғы тобын берді.

Өткен аптада сегіз сотталушы Душанбеге жеткізілді деп хабарлады Тәжікстанның Ауғанстандағы елшісі Шарофиддин Имомов. Оның сөзінше, қазір ауған түрмелерінде тәжік азаматтары жоқ.

Енді тәжік тарабы Кабулға елінде жазасын өтеп жатқан 80 ауған азаматын жөнелтеді.

Бірақ ауыр қылмыс үшін сотталғандар әзірге Тәжікстан түрмелерінде қала бермек.

Тәжікстандағы Ауғанстан елшілігінің ақпараты бойынша, тәжік түрмелерінде 100-ге жуық сотталушы жазасын өтеп жатыр. Олардың дені есірткі тасымалы үшін сотталған.

XS
SM
MD
LG