Ссылки доступа

Түркіменстанда мемлекет қызметкерлерін Авазаға жолдама сатып алуға мәжбүрлеген


Түркіменстанның Дашоғыз уәлаятында мемлекет қызметкерлерін Каспий теңізі жағалауындағы Аваза курорт қаласына жолдама сатып алуға мәжбүрлеген.

Азатлык радиосының хабарлауынша, 5-10 күн демалыс жолдамасы үшін бюджет қызметкерлерінен 2500 манаттан талап еткен.

"Әрбір мекемеде орта есеппен 30 адам жұмыс істесе, күніне мұнда кем дегенде бес адам Авазаға жолдама алуы керек. Демалыстың әрбір күні 200 манат тұрады. Бірақ бұған жол шығыны мен тамақ кірмейді. Оны жұмысшылар өз қалтасынан төлейді" деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Оның айтуынша, жолдамадан бас тартқандарды жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан.

Түркіменстан билігі Аваза курортында қонақ үй, аквапарк және басқа да ғимараттар салуға жүздеген миллион доллар жұмсады.

XS
SM
MD
LG