Қызға күш көрсетіп келген 35 жастағы Ингушетия тұрғынының күйеуі полицияда жұмыс істейді екен. Бұл жөнінде Ингушетия ішкі істер министрлігі кәмелетке жасы толмағандар бөлімшесінің басшы орынбасары Адам Мургустов мәлімдеді.
Оның айтуынша, отбасының табысы өте жақсы болған, ешнәрседен таршылық көрмеген. Қызды туған анасы тастап кеткен, сол үшін туысқан әпкесі кемсітіп, қорлап келген екен.
4 шілдеде қыз ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен. Кейін баланы Мәскеудегі балалар хирургиясына жіберген. Дәрігерлер қыздың қабырғалары, омыртқасы сынғанын айтады. Оған ампутация жасалуы да мүмкін.