Ссылки доступа

Ташкентте мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен "Ватанпарвар" газетінің тілшісі ұсталды


Ташкентте Өзбекстан қорғаныс министрлігінің "Ватанпарвар" («Патриот») газетінің тілшісі Владимир Калошин ұсталған. Бұл жөнінде оның көршілері "бір топ азаматтық киімдегі адамдар үйінен алып кетті" деп хабарлады.

Владимир Калошиннің қызы 68 жастағы әкесін "мемлекеттік құпияны жариялады" деген айыппен тергеуге алып жатқанын мәлімдеді.

Журналист Владимир Калошин тұратын Юнусабад ауданындағы оның көршілері бес ер адам және бір учаскелік инспектор оның пәтеріне кіріп, алып кетті деді.

Куәгерлердің айтуынша, пәтеріне кешке дейін тінту жұмыстарын жүргізген.

Владимир Калошиннің Мәскеуде тұратын қызы Анастасия Епишеваның мәліметінше, әкесінің адвокаты оның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің тергеу абақтысында жатқанын айтқан.

Владимир Калошин отставкаға 2012 жылы кеткен. 68 жастағы Калошин соңғы жиырма жеті жыл бойы "Ватанпарвар" («Патриот») газетінде жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG