Ссылки доступа

Украина шығысындағы жанжал алаңында өзбек азаматы қаза тапты (видео)


Донбаста өзін өзі жариялаған Донецк халықтық республика (ДХР) жағында Украина әскеріне қарсы соғысып жүрген өзбек азаматы оққа ұшқан.

3 шілдеде Украина шығысында болған қарулы қақтығыс кезінде өзбек азаматы қаза тапқан.

Бұл жөнінде Telegram-канал арқылы украин армиясының офицері Анатолий Штефан (Штирлиц) хабарлады. Ол қаза тапқан Ходжиакбар Шариповтың өлі денесінің суретін жариялаған.

Штефанның сөзінше, 3 шілдеде 32 жастағы өзбек азаматы Ходжиакбар Шариповтың денесін отанына жөнелткен.

"Миротворец" сайтында да Шариповтың қаза тапқаны хабарланды.

Ол ДХР сарбаздары арасында "өзбек" деген лақап атпен танымал болған екен.

Сепаратистер жағында соғысып жүрген өзге елдің азаматтары жөнінде ресми ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG