Ссылки доступа

Түркіменстанда қос азаматтығы бар адамдар шетел паспортын ала алмай жатыр


Түркіменстан миграция қызметі қос азаматтығы бар адамдарға шетел паспортын алу құқығын шектеп жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзі хабарлағандай, 2015 жылдан кейін Ресей азаматтығын алған адамдардан шетел паспортын алу үшін құжаттарын қабылдамай жатыр.

Түркіменстан мен Ресей арасында қос азаматтықты тану 10 жыл бойы сақталып, 2003 жылы жойылған. Тиісті қаулыға қол қойылғаннан кейін түркіменстандықтар екі паспортының бірін ғана таңдауы керек болған.

Түркіменстан мен Ресей арасындағы "Қос азаматтық мәселесін жөнге келтіру жөніндегі" келісім 2015 жылдың мамыр айында тоқтатылған. Бірақ екі ел 2017 жылдың күзінде қос азаматтығы бар адамдарға түркімендік шетел паспортын беру мәселесін шешуде өзара келіскен.

2003 жылдан кейін түркіменстандық қанша адам Ресей азаматтығы алғаны туралы ресми мәлімет беймәлім. Ресми емес ақпаратқа сәйкес, 10-12 мың болуы ықтимал.

XS
SM
MD
LG