Сот алқасы Қоқановтың қылмыстық ісін қайта қарап, бұған дейінгі сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
"Каримов кеткен соң, режим өзгермеді. Мені ақтаудың орнына, олар үкімді күшінді қалдырды. Мен қылмыс жасаған емеспін, маған қарсы қылмыстық іс қолдан ұйымдастырылды", - деді Самандар Қоқанов.
Дегенмен ол өзін ақтап шығу үшін күресе беретінін мәлімдеді.
ӨзССР Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты, ірі мұнайшы Самандар Қоқанов 1993 жылы 2 шілдеде ұсталды. Сот оны Конституцияға қарсы әрекет етті деген айыппен 20 жылға соттады. Жаза мерзімі екі мәрте созылған. Самандар Қоқанов 2016 жылы 24 қарашада бостандыққа шықты.