Ссылки доступа

De la Rue Қырғызстан үшін тағы 500 мың төлқұжат дайындайды


Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметі ағылшынның De la Rue компаниясымен келісім шартқа отырды. Мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметінің өкілі Адилет Бейшеналиевтің сөзінше, ағылшын компаниясы 500 мың төлқұжат дайындайды.

«Қазіргі уақытта төлқұжатты дайындауда проблема жоқ. Бізде 226 мың төлқұжат бар. Бұл жыл соңына дейін ғана жетеді. Тағы 500 мыңын De la Rue компаниясы жасайтын болады», - деп атап өтті Адилет Бейшеналиев.

Тіркеу қызметінің мәліметінше, соңғы алты айда азаматтарға 520 мың 210 төлқұжат берілген. Оның ішінде биометрикалық, жалпыазаматтық және дипломатиялық төлқұжат та кіреді.

Осыған дейін төлқұжатқа байланысты дау туған. 2018 жылы тіркеу қызметі биометрикалық төлқұжат үшін бланктер әзірлейтін компанияларға тендер жариялаған. Оған 5 шетелдік компания қатысып, литвалық «Гарсу Пасаулис» компаниясы жеңіске жеткен. Бірақ германиялық «Мюлбауэр» компаниясы тендер өткізуде заң бұзушылық болды деп сотқа берген.

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті «Гарсу Пасаулис» компаниясына тендер ұтқызып берген шенеуніктерге қарсы қылмыстық іс қозғады. Бірнеше жоғары лауазымды тұлғалар ұсталып, тіркеу қызметінің бұрынғы басшысы Алина Шаикова отставкаға жіберілді.

XS
SM
MD
LG