Ссылки доступа

Twitter жұмысы істен шықты


DownDetector сервисінің мәліметі бойынша, Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы әлем бойынша істен шыққан.

Әлеуметтік желінің жұмысына шағымдар негізінен АҚШ-тан, Бразилия, Батыс Еуропа елдерінен және Жапониядан түскен.

Twitter-ді ашқан кезде техникалық проблема бар деген ескерту тұрады. Ал мобилді қосымша арқылы ашқан кезде ішкі қателіктер туралы ескерту жазылған.

Компания әзірге әлеуметтік желінің істен шығу себебін түсіндірмеді.

XS
SM
MD
LG