Ссылки доступа

Тәжікстанда ана Душанбе колониясына барар жолда "жоғалған" ұлын іздейді (видео)


Bibisoch Odinaeva Faizobod resident

Тәжікстанда Худжандтан Душанбе колониясына ауыстырылған жазасын өтеушілердің бірінің анасы ұлы туралы мәлімет ала алмай жүр.

Рудаки ауданының тұрғыны Бибисоч Рахимованың айтуынша, оның ұлы Субхон Курбонов Худжанд колониясында жазасын өтеген. "Ұлым онда жоқ. Колонияда менің ұлымды басқа да жазасын өтеушілермен бірге Душанбеге ауыстырғанын айтты", - деді ана.

Сотталғандарды көшіру кезінде 14 жазасын өтеуші наннан уланып қайтыс болғаны хабарланған еді.

2017 жылы Субхон Курбонов террористік топтардың біріне мүше болуға талпынғаны үшін 13,5 жылға сотталған. Арнайы қызмет мәліметі бойынша, оны Түркия мен Сирия шекарасына жақын маңда ұстап, елге экстрадициялаған.

14 жазасын өтеушінің қазасы туралы естіген Бибосоч Рахимова баласын іздестіре бастаған. "Мен ұлымның не өлі, не тірі екенін білмеймін. Қаза тапқандар тізімінде оның есімі жоқ. Астанадағы түрмеде Худжандтан ауыстырылғандардың есімдері құпия сақталады дейді. Сотталғандардың туыстары кімнің қай түрмеде отырғанын біле алмай жүр", - деді Рахимова.

Бұзылған нанның жазасын өтеушілерді тасыған арнайы көліктер колоннасына қалай түскенін билік түсіндірмеді.

XS
SM
MD
LG