Ссылки доступа

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Финляндиядан 140 мигрант депортацияланғанын растады


Өзбекстанның Ригадағы елшілігі Озодлик радиосына 140 өзбек азаматының Финляндиядан депортацияланғанын растады. Оларды білімі туралы жалған құжаттар тапсырды деп айыптаған.

"Елшілік жағдайды бақылауға алды, фин тарапының ресми өкілдерімен байланыс орнатылды" делінген өзбек сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, өткен бейсенбіде Yle фин телеарнасы елдің көші-қон қызметі Өзбекстанның 140 азаматын шығару туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Оларды құрылыс техникумында оқығаны туралы жалған құжат тапсырды деп айыптады. Куәліктердің көбісінің тіркеу нөмірі бірдей болып шыққан.

Өзбек жұмысшыларын депортациялау туралы шешім қыста қабылданған, сол кезде жұмыс берушілердің бірі жалған құжаттар туралы билікке хабарлаған.

Финляндияда өзбек мигранттарының дені құрылыс саласында жұмыс істейді. Ресми мәлімет бойынша, өткен жылы Финляндияда Өзбекстанның 800-ден астам азаматы болған.

XS
SM
MD
LG