Ссылки доступа

Тәжікстанда селден көпір құлап, үйлер су астында қалды (видео)

В результате селевого потока в Сангворе разрушен мост
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:15 0:00

Тәжікстанның шығысындағы Сангвор ауданында қатты сел тасқынынан көпір құлап, үйлер су астында қалды.

Азаттықтың тәжік қызметінің (Озоди радиосы) оқырманы Ёзганд ауылындағы жағдайды видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы редакцияға жолдапты. Оқырманның айтуынша, бірнеше үй мен егін алқабы су астында қалған.

Елдің төтенше жағдай жөніндегі комитеті арнайы комиссия Сангвор ауылына барды деп мәлімдеді. "Табиғат апаты ауыл тұрғындарына көп шығын әкелді, қуанышқа орай адам өлімі болмады" деп атап өтті аталған мекеме өкілі.

Өткен аптада тәжік билігі елде аптап ыстықтың біраз уақытқа дейін беті қайтпайтынын айтып, тұрғындарды абай болуға шақырған.

Температураның көтерілуі таудағы мұздықтардың еріп, өзендердің тасуына әкеліп жатыр.

Биыл наурыз айында қар көшкінінен Сангворда 10 үй бұзылған.

XS
SM
MD
LG